Қаруланған қарақшы «Қазпошта» филиалын тонады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл  туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласында облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Бетперде киген шабуылдаушы ғимаратқа еркін кірген. Кассирді тапаншамен қорқыту арқылы шамамен 1 млн теңгені алып, белгісіз бағытқа із суытқан», - деді Алмас Садубаев.

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлерінің жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде қылмысқа күдікті анықталып, қолға түскен.

«Ол жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін мойындады. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар