Қару-жарақтың жаңа түрлері сатып алынады – Қорғаныс министрлігі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің Қорғаныс министрлігі жаңа техника сатып алды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның әскери бюджеті өсті.

«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери бюджеті бір пайыз шамасында бекітілді», - деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» Заң мақұлданды.


Соңғы жаңалықтар