+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Қару-жарақ сатқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

2019 жылғы 10 қазан 18:15
Бөлісіңіз:
Қару-жарақ сатқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жауынгерлік қару өткізумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚК қызметкерлері Алматы мен Павлодарда арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелерін ұстады Травматикалық қаруға салынған тыйым алынбайды - ІІМ Түркістан облысында 5 мыңнан астам қару ұстаушы тексерілді

Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы С. Бимурзин ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, ал оның сыбайласы Ф. Турсунов ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі және 296-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олар тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын, кінәсін мойындағанын және тергеумен қарқынды ынтымақтастығын ескере отырып, жаза шартты түрде тағайындалды.

15 ақпанда ҰҚК Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері С. Бимурзиннен 605 мың теңгеге бәсеңдеткіші бар «ТТ» тапаншасы мен 10 патронды «жасырын « сатып алған болатын.

2019 жылғы 18 ақпанда олар тағы да бәсеңдеткіші бар «ПБ» тапаншасы мен 50 патронды 675 мың теңгеге «сатып алды». Ол Ф. Тұрсыновқа тиесілі «Kaspi Gold» банк картасына аударылды.

12 наурызда ҰҚК Алматы және Нұр-Сұлтан қалалық департаменттерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі С. Бимурзин мен Ф. Турсыновты ұстады.

Ф. Тұрсыновтың тұрғылықты жерін тінту кезінде «Reck» маркалы газбен атылатын тапанша, салмағы 196 гр марихуанасы бар үш полиэтилен пакет, «Kaspi Gold» банк картасы, сондай-ақ іс үшін мәні бар өзге де заттар табылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT