Қарттар шенеунікпен дауласпақ тұрмақ, өздерін де қорғай алмайды - Жақып Асанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарттар сотта шенеунікпен дауласпақ тұрмақ, өздерін де қорғай алмайды. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы дауларға қатысты өте көп ұсыныс алдым. Қараңыздаршы, адам шағым береді, ал оның оппоненті кім? Заңгерлер штаты мен қуатты әкімшілік ресурсы бар мемлекеттік орган. Бұл әсіресе кедейлерге, қарттарға қатысты істе көрініп тұрады. Олар шенеуніктермен дауласпақ тұрмақ өздерін де қорғай алмайды. Ал сот ше? Сот тараптар бергенді ғана бағалайды. Біз шындықтың түбіне қазбалап жете алмаймыз. Біз тек бергендерін ғана бағалаймыз. Бермеді ме, болды. Біздің одан сұрауға одан ары құқымыз жоқ. 70-тегі қарт пен мемлекеттік органның мүмкіншілігін қалай бағалауға болады», - деді ол.

Осы ретте Жоғарғы сот төрағасы еуропалық елдер мен қазақстандық соттың айырмашылығын айтып берді.

«Оларда азаматтың мемлекеттік органмен даулы ісін қарайтын әкімшілік соттар бар. Шетелде басқа ереже. Судьяның өзі белсенді түрде шындықты анықтап, мемлекеттік органға қарсы тұрады. Екіншіден, сот өз шешімінің орындалуына қатаң бақылау жүргізеді. Орындалмағаны үшін шенеунікке және мемлекеттік органға санкция салады», - деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе мұндай соттардың тиімділігін көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар