Қарттар күніне орай 58,6 мың қарағандылық қария ақшалай көмек алады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Халықаралық қарттар күніне орай біржолғы материалдық төлемдерді 58,6 мың адам алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір тұрғындарына біржолғы көмек көрсетуге 460 миллион теңге бөлінді, оның 45 миллионға жуығы — бюджеттен тыс қаражат.

Қоғамдық ұйымдар мен қорлар аймақтың қарт тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын өткізеді. Мерекелік іс-шаралар да жоспарланған. Қалалар мен аудандарда бұқаралық шаралар, жарыстар, байқаулар мен түскі астар ұйымдастырылады.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері тапсырылып, киім түрінде көмек көрсетіледі. Жеке сектор тұрғындарына алдағы жылыту маусымына қарай көмір мен отын сатып алуға көмек беріледі», - деп хабарлады Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.


Соңғы жаңалықтар