Карточка арқылы жасалған төлемдер 2,6 есеге өсті – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қазақстандықтар 23 трлн теңгеге 2 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда, 2,6 есе артық. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен хабарланды.

Банк таратқан мәліметтерге қарағанда, сәуір айында төтенше жағдайға байланысты бірқатар бизнес субъектісі жұмысын уақытша тоқтатты. Сол себепті қолма-қол ақшасыз операциялар біршама азайды. Бірақ мамыр айынан бастап операциялардың көлемі орташа есеппен ай сайын 12%-ға өсіп отырды. Қолма-қол ақшаны шешу операциялары керісінше азайып, карточкалармен жүргізілген операциялардың үштен бір бөлігінен аспады.

Қазірдің өзінде интернет-банкинг пен банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүргізілген операциялардың, яғни онлайн-операциялардың үлесі ұлғайып келеді. Егер 2019 жылдың 9 айында онлайн-операциялар үлесі 67% болса, биыл - 81%. Орташа есеппен алғанда, 9 айда онлайн түрде төлем карточкаларымен 68 миллиард теңгеден аса қаржыға 4 миллион транзакция жүргізілген.

Жыл басынан-ақ мобильді банкинг аудиториясы тым белсенді болды. Қаңтар айында интернет-банкингті белсенді қолданатындардың саны 8 миллион болса, қыркүйек айында ол 12 миллионға жетті.

«Жиі қолданылатын төлем карточкаларының саны - 25 миллион. Бұл карточканың барлығын иелері қыркүйек айында онлайн-төлем жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны шешу үшін де қолданды. Биылғы 9 айда қазақстандық банктер 12 миллион төлем карточкасын шығарды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар