Қарсыласын нокаутпен жеңген Жүкембаевтің рейтингі жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-7, 6 КО) жеңгеннен кейін Boxrec.com белді сайтындағы рейтингін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүкембаев бірінші раундта-ақ өз қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын. Осыдан кейін ол BoxRec-тің жартылай орта салмақтағы рейтингінде алты позицияға көтеріліп, 22-орынға орналасты. Қазіргі уақытта тізімнің көш басында WBA және WBC Diamond чемпионы америкалық Реджис Прогрейс (24-0, 20 КО) тұр.

Еске салайық, биыл Батыр Жүкембаев екі жекпе-жек өткізді. Ол 16 наурыздағы айқасында дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Оның осы жолғы қарсыласы «Котто» лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. Барлығы 10 раунд жоспарланған болатын.

Қазақстандықтар Жүкембаев-«Котто» жекпе-жегін бүгін таңертең «Хабар» арнасынан тікелей эфирден тамашалай алды.

Соңғы жаңалықтар