Қарсы жолақпен 10 шақырым жүрген зейнеткерлер жол апатына ұшырап, қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияда тіркемесі бар Subaru көлігі апатқа ұшырап, салдарынан үш адам қаза тапты. Автокөлік тасжолда қарсы жолақпен жүйіткіген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 қазанда Лондон мен Оксфорд арасында болған, деп жазады The Telegraph.

Қарсы жолақта келе жатқан көлікте егде жастағы жұп болған. 80 жастағы шетелдіктер Англияда саяхаттаған. Олар алдымен тыйым салынған жерде дұрыс емес бағытта тасжолға шыққан, кейін автомобильдің басып озуына арналған шеткі оң қатарға өткен.

Көлік 10 шақырым жол жүріп, екі Ford машинасымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зейнеткерлер мен қарсы беттегі көліктің 30 жастағы жүргізушісі қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар