Қаршадай қыз жабық жертөледе жалғыз өзі қалып қойған – Өскемен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 8 жастағы қыз жалғыз өзі жабық жертөледе қалып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамызда Күленов кентіндегі Халықтар достығы көшесінде орналасқан жертөледе ойнап жүрген кішкентай қыз есікті жауып алып, қамалып қалған. Ата-аналары құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрады.

«Департаменттің мамандандырылған жасағы оқиға орнына жылдам келіп жетті. Олар арнайы құрал-саймандардың көмегімен жертөледегі темір торды бөлшектеп, сол арқылы ішке кірді де есікті ашты. 8 жастағы қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар