Қарсақпай мыс қорыту зауытында қайғылы оқиға болды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қарсақпай мыс қорыту зауытында 21 наурыз күні қайғылы жағдай орын алды. Кешкі сағат 18:00- де «Қазорталыққұрылыс» компаниясының Жезқазғандағы филиалы қызметкерінің үстіне металл құрылғы құлап кетіп, жапа шеккен адам алған жарақатынан есін жимай көз жұмды.

Бұл туралы «Қазақмыс» тобының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары жалғасуда.

«Бұл оқиға жұмысшының абайсыздығынан, болмаса жұмыс берушінің жіберген техникалық ақауынан болды ма, ол жағын біз әзірге айта алмаймыз. Қазір оқиғаның себептерін арнайы комиссия тексеріп жатыр. Егер өндірістік ақаудың салдарынан орын алса, компания еңбек шартында көрсетілген барлық талаптарды орындауға әзір. Яғни, оның табысы отбасы мүшелеріне бөлініп, оларға бір реттік 10 айлық жалақысы төленеді», - деді компанияның Қазақстандағы корпоративтік байланыс департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев.

Соңғы жаңалықтар