ҚарМУ оқытушылары латын қарпіне көшу мәселесін талқылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Латын графикасының ерекшеліктері және білім беру стандарттары» тақырыбында оқытушылардың семинары өтті.

Семинарды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті Елдос Түйте өткізді.

Тақырыпқа қатысты филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Аманбаева, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Бектұрсын Қалиев және Мархаба Тұрсынова баяндама жасады.

Семинарға университеттің барлық 12 факультетінен оқытушылар қатысты. Дәріскерлер қазақ тіліне реформалардың тарихи қажеттілігі туып отырғанын, осы реформа арқылы Қазақстанның жаһандық бәсекеге төзімділігі артатынын тілге тиек етті.

Латын жазуына көшу қазақ тілін жаңғыртумен қатар, оның ғасырлар бойы жиналған баға жетпес байлығын молайта түседі. Тіл тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді нығайту мен рухани жаңғырудың тетігі болып та қызмет атқарады.

Семинар қатысушыларының айтуынша, жаңа әліпбимен сабақ өтетін тіл мамандарын дайындау және оқулықтар жазу жұмыстарына кірісу қажет. Бүгінгі таңда әлемдегі ақпараттың басым бөлігі латынша таралып отыр. Мұның бәрі ағылшын тілін үйренуді жеңілдетеді, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік ақпараттық қоғамдастыққа белсенді интеграциялануына жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар