Қармақшыда майлы дақылдардың отандық сорттары егілді

Фото: None
ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында инновациялық технологияларды қолдану арқылы майбұршақ және мақсары секілді майлы дақылдардың отандық сорттары өндіріске енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігіайтылған.

Бұл жоба Қармақшыауданы «Тұрмағамбет» ЖШС егістігінде жүзеге асырылды. Оны Ы.Жақаев атындағыҚазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС ғалымдары қолға алды.

Жоба негізінде қолжеткізілген табыстар «Қызылорда облысының шаруашылықтарына инновациялықтехнологияларды қолдану арқылы майлы дақылдардың отандық сорттарын енгізу»тақырыбында өткен семинар барысында талқыланды. Оған ауыл шаруашылығыбасқармасының мамандары, аудандардың шаруашылық төрағалары мен өкілдері,институт басшылығы мен ғалымдар және ғылыми қызметкерлері қатысты.

Семинар барысындаинновациялық технологияларды қолдану арқылы майлы дақылдардың (майбұршақ пенмақсары) отандық сорттарын енгізу мәселесі кеңінен талқыланды. Институтғалымдарының зерттеулері мен бәсекеге қабілетті озық технологияларын өндіріскеенгізу мақсатында «Тұрмағамбет» ЖШС таңдалды.

Шаруашылықбасшылығы институт ғалымдарымен байланысты нығайтып, жоғары өнімге қолжеткізуге қадам басты. Тәжірибелер мен нәтижелер сарапталған жиында қатысушыларинститут ғалымдарынан көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.

Соңғы жаңалықтар