+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қармақшыда майлы дақылдардың отандық сорттары егілді

2019 жылғы 5 тамыз 18:09
Бөлісіңіз:
Қармақшыда майлы дақылдардың отандық сорттары егілді

ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында инновациялық технологияларды қолдану арқылы майбұршақ және мақсары секілді майлы дақылдардың отандық сорттары өндіріске енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігі айтылған.

Бұл жоба Қармақшы ауданы «Тұрмағамбет» ЖШС егістігінде жүзеге асырылды. Оны Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС ғалымдары қолға алды.


Жоба негізінде қол жеткізілген табыстар «Қызылорда облысының шаруашылықтарына инновациялық технологияларды қолдану арқылы майлы дақылдардың отандық сорттарын енгізу» тақырыбында өткен семинар барысында талқыланды. Оған ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, аудандардың шаруашылық төрағалары мен өкілдері, институт басшылығы мен ғалымдар және ғылыми қызметкерлері қатысты.


Семинар барысында инновациялық технологияларды қолдану арқылы майлы дақылдардың (майбұршақ пен мақсары) отандық сорттарын енгізу мәселесі кеңінен талқыланды. Институт ғалымдарының зерттеулері мен бәсекеге қабілетті озық технологияларын өндіріске енгізу мақсатында «Тұрмағамбет» ЖШС таңдалды.


Шаруашылық басшылығы институт ғалымдарымен байланысты нығайтып, жоғары өнімге қол жеткізуге қадам басты. Тәжірибелер мен нәтижелер сарапталған жиында қатысушылар институт ғалымдарынан көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT