Қарлығаштың ұлттық нақыштағы кәдесыйлары ЭКСПО-дан орын алмақ - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қолы алтын шебер Қарлығаш Ілиясова 2007 жылы туған жерге қоныс аударған ол іс тігіп, өнерімен айналасына танылып үлгірді.
Бүлдіршін кезінен тігіншілікке жақын болған кейіпкеріміз кілем тоқып, тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектер, кәдесыйлар дайындайды. Сондай-ақ, көрсем, білсем деушілерге үйретуден еш жалыққан емес. Қолөнерші шәкірттерінің кәсібін нәсіп етіп, тапсырыс қабылдап жатқандары да жетерлік екенін айтады. Ең басты жаңалық бұл емес. Жуырда ісмер аймақ атынан Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО - 2017» әлемдік көрмесіне қатыспақ. Ол онда ұлттық өнерімізді дәріптейтін бұйымдарын ұсынбақшы, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
- Еліміз өз алдына шаңырақ көтеріп, тәуелсіздігін алғаннан кейін көршілес мемлекетте тұрып жатқан қандастар елге оралуға бет бұрды. Мен де сол көшке ілестім. 2007 жылдан бері қазақ қолөнерін дәріптеуді, кәсіпті дамытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Мемлекет тарапынан түрлі қорлардан ақшалай қолдау болды. Тұңғыш Президент қорынан да қаржылай көмек алдым. Бұл кәсібін жаңа бастаған адам үшін зор көмек. Соның арқасында «Қарлығаш» шеберлер орталығын аштым. Бүгінде туған елімде өз кәсібімді ашып, жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Бұған дейін бәрін болмаса да, көп нәрсені білемін деп есептейтінмін, бірақ бір кездері өмірімнің жаңа бір кезеңіне аттай отырып, жаңа деңгейдің жаңа талабы болатынына көз жеткіздім. Өзім де мол мүмкіндіктерге құлаш сермеп, түрлі дүниелерді игеруге құлшынып отырамын. Әріптес, серіктес ұйымдардың шақыруымен көптеген семинар, тренингтерге қатысып, қолөнердегі сан қилы бағыттарды үйренуден шаршаған емеспін. Міне, бүгін маған ел тарихында ерек орын алатын шараға ұлттық нақыштағы, қазақы болмысты алыстан танытатын кәдесыйлар дайындау мүмкіндігі бұйырды,-дейді ол.
- Қызылордалық полицейлер бес ай бойы жасырынған қылмыскерді іздеп тапты
- Ақмола облысында 1,8 мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты
- Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады
- Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
-
Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған
-
Коронавирус салдарынан қонақүйге келушілер саны екі есеге қысқарған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам