Қарлы бұрқасын: Ақмола облысында - 6, СҚО-да - 3 жол учаскесі жабылды
Төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:
1) Астана-Петропавл 304-341 шақырым аралығы;
2) Көкшетау-Рузаевка 0-61 шақырым аралығы;
3) Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 шақырым аралығы;
4) Көкшетау-Омбы 2-50 шақырым аралығы;
5) Көкшетау-Атбасар 0-48 шақырым аралығы;
6)Астана-Петропавл 231-304 шақырым аралығы
(Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске).
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан өңірінде де бірқатар жол жабылды, сағат 22:50-ден бастап жабық тұрған жол учаскелері:
1) Астана-Петропавл 341 -392 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін);
2) Көкшетау-Рузаевка 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
3) Көкшетау-Омбы 50-85 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін);
Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.Ал штаттан тыс жағдай туындаған кезде жол қозғалысына қатысушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады.