+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарлы боран: Қостанай жолдарына қозғалысты шектейтін бекеттер қойылды

2021 жылғы 19 ақпан 14:00
Бөлісіңіз:
Қарлы боран: Қостанай жолдарына қозғалысты шектейтін бекеттер қойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында боранның күшеюі салдарынан 26 бағыттағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда көктайғақ: Күре жолда көлік қозғалысы шектелді Елорда қар құрсауында: Автобустар, ұшақтар кешігіп, жолда кептеліс туындады Павлодарда жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қараған мекемелер айыппұл арқалады

Қарлы боранның күшеюуіне байланысты автокөлік жолдарында төтенше жағдай департаментінің 27 техникасы мен 44 құтқарушысы кезекшілік етеді.

«Облыстағы автокөлік жолдарының қар басып, жолдың жабылып қалу қаупі бар тұстарына 27 жылыну пункті қойылған. Бұл орындарда жолда қалып қойған жолаушылардың жылынып, тынығуына жағдай жасалған» деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өңірде көлік жолдарындағы қозғалысты шектейтін 16 бекет қойылған.

Мұның сыртында, ТЖД-ның 16 қуатты техникасы мен 39 құтқарушыдан құралған қосымша күші дайын тұр.

Бұлар төтенше жағдай орын алған жерлерге жіберіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT