+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

«КарЛаг» зерттеу жобасының жастар үшін маңызы зор - ғалым

2020 жылғы 31 мамыр 21:29
Бөлісіңіз:
«КарЛаг» зерттеу жобасының жастар үшін маңызы зор - ғалым

ҚАРАҒАНДЫ. КазАқпарат – Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» академиясының «Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» жобасы аясында қуғын-сүргінге ұшыраған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның маңыздылығы жайлы академияның проректоры Татьяна Смолькина ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

- Татьяна Петровна, қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты зерттеулер қалай жүріп жатыр?

- Президенттің кешегі үндеуі маңызды, себебі қазіргі жас ұрпақ ата-бабалары бастан кешкен қайғылы оқиғаны, НКВД жүйесінің ГУЛАГ тұтқындарының мыңдаған қираған тағдырлары туралы аз біледі. Сол қиын-қыстау заман туралы, кеңестік тоталитарлық машиналар жүздеген өмірді қиғаны, жүйенің кездейсоқ құрбандары, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтар жайлы, оларға жалған айыптар тағылғанын жастар көп біле бермейді. Қатыгез тоталитарлық машина ешкімді аямаған. Бірнеше күннен бері республикалық арналардың бірінде «Алжир» телехикаясы көрсетілуде. Экранға шыққан телехикая өмір шындығын көрсетеді деп білемін. Кинода шындықтың 30% ғана көрсетілгенін және лагерьдің шынайы өмірінде әлі де үрейге толы және қайғылы көп оқиғалардың болғанын білеміз.

- Академия ұжымы бастамашыл болған жоба қашан бастау алды? Және бұл жоба нені қамтиды?

- «Bolashaq» академиясы 14 жыл бойы біз «КарЛаг: болашақ үшін есте сақтау» жобасын жүзеге асыруда. Біздің ғылыми жетекшіміз және идеялық шабыттандырушымыз Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы еліміздің осы өмір кезеңін зерттеу идеясы пайда болған кезде, біз тоталитаризмнің саяси қуғын-сүргіндер мәселесі қаншалықты маңызды, ауыр болатынын болжай алмадық.

Жобада алғашқы болып КарЛаг тұтқындарының тағдыры туралы үш томдық кітап жарық көрді. Біз КарЛаг суретшілерінің тағдыры, еңбек жағдайлары мен өмір сүруіне қарамастан суреттер жазуды, сұлулық заңдары бойынша өмір сүруді жалғастырған адамдар туралы жаздық. Кітапта олардың суреттерінің репродукциялары, сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандары белгілеген экспонаттардың, ескерткіштердің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері орналастырылған.

«Карлаг: Кенгирское восстание» кітабы 1954 жылғы Кеңгір көтерілісіне арналады. Кітаптың авторы - профессор Т. К. Алланиязов, маңызды құжаттық материалда КСРО ІІМ дала лагері 3-ші бөлімінің (1954 жылғы 16 мамыр – 26 маусым) тұтқындар көтерілісі тарихының өзекті аспектілерін зерттеді. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері анықталды және талданды. Көтерілістің кезеңдері анықталып, ашылды, олардың нақты мазмұны мен ерекшелігі көрсетілген. «Бейбіт» атты қарсылық пен күшпен басу барысында орын алған тараптардың іс-әрекетіне сипаттама беріледі. Тергеу процесінің мазмұны мен көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларына қатысты сот нәтижелері нақтыланды. Қазіргі саяси тарихтағы көтерілістің орны мен рөлі сипатталған. Бұл кітап Қазақстандағы Украина елшілігінің қолдауымен украин тіліне аударылып, сол елде шығарылды.

Еңбек өте ауқымды болды. Жобаның барлық кітаптары туралы айта бере аламын. Қазір біздің жобамызда 40-тан астам түрлі басылымдар бар. Барлық жарық көрген еңбектермен біздің сайтта келесі сілтеме бойынша танысуға болады http://library.kubolashak.kz/category/knigi-o-karlage/

- Осы жоба аясында қандай іс-шаралар өткізілді?

- Кітап шығару - бұл біздің жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Біртіндеп біз жұмыс түрлерін кеңейттік. Біз конференциялар мен симпозиумдар өткіземіз, шетелден ғалымдарды шақырамыз және жоба тұсаукесерлерін әртүрлі елдерде ұсындық. Біз КарЛаг пен тұтқындардың тағдыры туралы деректі фильмдер жасауда кинематографистерге қолдау көрсетеміз. Жобаның бір бағыты – «Ахико из Актаса» спектаклі. М. Әуезов театрында қойылған бұл спектакльді көрермендер ғана емес, Жапониядағы бұрынғы әскери тұтқындар да көрді. Жыл сайын біз өз қаражатымызға Қарағанды облысы Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия ұйымдастырамыз. Бұл біздің жұмысымыздың волонтерлік бағыты, осы жылдар аралығында біз бес мыңнан астам адам үшін экскурсия өткіздік. Академияға түсетін барлық бірінші курс студенттері міндетті түрде осы мұражайға барады. Балалар топпен экскурсияға барады, сол жерде олар тарихи деректерге мүлдем басқа көзқараспен қарайды. Өткенге басқаша қырмен қарайды. Менің ойымша, біздің қызметіміздің ең маңызды бөлігі – жастармен жұмыс.

- Ол жастарға қаншалықты қызықты деп ойлайсыз?

- Жоба өте маңызды. Мен мысал ретінде «Bolashaq» академиясына түсетін барлық бірінші курс студенттері міндетті түрде Долинка кентінің музейіне экскурсияға баратынын айта аламын.

Біз студенттерімізді мұрағаттарда жұмыс істеуге, кітап жазуға, конференцияларда сөз сөйлеуге және жобаның презентацияларына қатысуға бейімдейміз. Осы мұрағаттық материалдармен, тұтқындарды жерлеу орындары туралы құжаттармен, ату жазасына кесілгендердің тізімдерімен жұмыс істеу, лагерь тұтқындарының нақты тағдырларын зерттеу – бұл жастарды мектептегі тарих сабағына қарағанда анағұрлым тиімді оқытатын тәсіл.

- Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

- Жұма, 29 мамыр күні біз Карлаг тақырыбы бойынша жастардың екінші халықаралық шығармалар конкурсының нәтижелерін жария ету рәсімін өткіздік. Конкурс жеңімпаздарының бірі Ресей Федерациясы, Воркута қаласынан П. А. Соловьев атындағы Рыбинск мемлекеттік авиациялық технологиялық университетінің 3 курс студенті Рязанцев Никита болды. Біздің жеңімпаздың атасы Карлагтың тұтқыны болған және осы жерде жерленген. Біз карантин аяқталғаннан кейін, оның отбасы үшін маңызды болып табылатын орындарды аралау үшін Никитаны қаламызға шақырдық.

Жобаның бірегей материалдары Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Румыния, Жапония, Грузия, Германия, Австрия, АҚШ және басқа да елдердің оқырмандарына ұсынылды. Біз кітаптарды әлемнің ірі кітапханаларына тегін таратамыз. Кітаптар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады және олардың бір бөлігі неміс, жапон, украин, румын тілдеріне аударылған. Қазіргі уақытта біз Карлагтағы мәдениет қайраткерлері туралы жаңа кітаптың француз тіліне аударылуын аяқтаудамыз.

Еңбек ұзақ уақыт жазылды, бірақ алда әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Жоспарланған жобалар бойынша Қазақстандағы отызыншы жылдардағы ашаршылықты зерттеу көзделген. Халықтарды депортациялау бойынша сұрақтарға жауап өте аз, себебі мұрағаттардың көп бөлігі әлі күнге дейін жабық. Біз Президентіміздің үндеуінен кейін ғалымдарға мұрағат материалдарының толық көлемімен жұмыс істеуге мүмкіндік туады деп үміттенеміз.

«КарЛаг» жобасының жетекшісі - Нұрлан Дулатбековке үлкен алғыс айтқым келеді. Және бұл бізге, ГУЛАГ, КарЛаг және басқа да лагерьлерде қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарына өте маңызды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT