+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қарқаралыны сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табатын болды

2021 жылғы 10 қыркүйек 06:29
Бөлісіңіз:
Қарқаралыны сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табатын болды

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы қаласын орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесі шешімін табатын болады. Биыл ұзындығы 40 шақырымды құрайтын Жарлы – Қарқаралы топтық су құбырының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының өнеркәсіп алыптары жергілікті тауарларды көбірек сатып ала бастады Қарағанды облысында арнайы кокс өндіретін зауыттың құрылысы басталды Қарағанды облысының әкімі жол жөндеу бойынша құрылысшыларға нақты міндет жүктеді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Қарқаралы ауданында болды.

«Су тарту құрылысы – маңызды әрі қажетті жоба. Оны қолдаймыз, іске асыруға кірісіңіздер», – деді Жеңіс Қасымбек.

Қарқаралы ауданының әкімі Елдар Дүйсетаевтың айтуынша, жоба үш жылға шақталған. Жоспарға сай құбырларды төсеу жұмыстары 2023 жылы аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, облыс басшысы Т. Әубәкіров көшесінде жаңадан салынған төрт көпқабатты тұрғын үйді аралап көрді. 3 қабатты жаңа үйлердегі пәтерлерді кезекте тұрған 72 отбасы алады. Биыл Қарқаралы ауданының 108 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналы болады.

Жеңіс Қасымбекке М. Әдекенов атындағы ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы жаңа жатақхана да көрсетілді. Жұмыс «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында жүргізілді. 100 орындық төрт қабатты ғимаратты салу кезінде студенттердің қажеттіліктері ескерілді.

Колледжде 158 бала оқиды, олардың көпшілігі басқа ауылдардан келіп оқитындар. Студенттер ескі жатақханада тұрады.

Қарқаралы – Қарағанды облысы тұрғындарының сүйікті демалыс орны. Жергілікті туристік кластерді дамыту үшін жағалауды абаттандыру, экотуризмді дамыту үшін учаскелер бөлу жоспарлануда.

«Өткен жылы өңірге 16 мыңнан астам турист келген. 2 700 төсек-орынға арналған 31 демалыс аймағы жұмыс істейді. Туристерді көбірек тарту үшін инфрақұрылымды жақсартамыз. Жұмыс жоспары бар, туристердің демалысын жақсарту үшін барлық жобаларды біртіндеп жүзеге асыратын боламыз», – деді Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дидар Қабаев.

«Қарқаралыға ата-аналарымызбен бірінші рет келіп отырған жоқпыз. Бізге мұнда өте ұнайды. Демалыс базасындағы жағдай жақсы, керемет табиғат – таза ауа, саңырауқұлақтар көп», – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Алена Романенко.

Сапар соңында өңір басшысы аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар беріп, Қарағанды – Қарқаралы жолының жай-күйін қозғады.

«Тұрғындардың жол туралы шағымдары бар. Ол республикалық маңызы бар жол. Бұл мәселені министрліктің қарауына шығаратын боламыз», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT