Қарқаралыдағы өрттің беті қайтайын деді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бақты орман шаруашылығындағы өртті сөндіруге Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы тілсіз жаумен 329 адам күресіп жатыр, 60 техника бар. Олардың арасында ТЖД күштері, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 52859 әскери бөлімшесі, Қарқаралы, Баянауыл, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, ҚР ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазавиаорманқорғау» РМКК күштері, ерікті өрт сөндірушілер бар.

Төтенше жағдай аумағында жедел штаб құрылған.

Өртті сөндіруге жерден де, әуеден де күш салынып жатыр.

Жалын шарпыған аумақтың жиынтық ауданы шамамен 2870 гектер, соның 1320 гектары – орман.

Қазір өрттің басқа аумақтарға тарауы тоқтатылды.

Еске сала кетейік, 12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен.

Кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ТЖ режімі жарияланған Қарқаралы ауданына барды.

Соңғы жаңалықтар