+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қарқаралыда Тоқтар мен Әлиханның суреттері бейнеленген мурал пайда болды

2021 жылғы 17 қыркүйек 01:20
Бөлісіңіз:
Қарқаралыда Тоқтар мен Әлиханның суреттері бейнеленген мурал пайда болды

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралыда екі үйдің қабырғасы Тоқтар Әубәкіров пен Әлихан Бөкейхановтың суреттерімен безендірілді. Жұмыстардың авторы – суретші Сәкен Дәулетбаев.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» XXII халықаралық фестивалі өтеді «Жыр мұра» жобасы ұрпақты ұлттық өнерге баулиды Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылды

Тұңғыш ғарышкер және «Алаш» партиясының басшысының бейнесі Тоқтар Әубәкіров атындағы көшеде мәңгі сақталған.

«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімдері тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал суреттерін тарту етті», – деді Қарқаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.

Әлихан Бөкейханов бейнеленген үйдің ауласында сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Балалар алаңы, орындықтар орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, қырлы тас жол төселді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT