+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Қарқаралыда студенттер үшін 100 орындық жатақхана салынды

2021 жылғы 22 қыркүйек 03:31
Бөлісіңіз:
Қарқаралыда студенттер үшін 100 орындық жатақхана салынды

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері үшін жаңа жатақхана салынды. Төрт қабатты ғимарат 100 орынға шақталған. Бұл студент жастардың жатын орнына қатысты мәселені шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды Қазақстанда мекен еткен динозаврлар: 3-сынып оқушысы онлайн-карта жасады Ата-анам ұрып-соғады: Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін өтірік айтқан

Жобалық менеджменттің арқасында жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімінде аяқталды, жақын арада ол студенттерді қабылдай бастайды. Жайлы бөлмеден басқа, мұнда жұмсақ жиһаз және теледидар орнатылған демалыс орны, компьютері бар оқу залдары, сондай-ақ кір жуатын орындар бар.

«Бүгінгі таңда Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінде 158 студент білім алуда. Олардың көпшілігі елдің түкпір-түкпірінен келеді. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 45 оқушы республикалық бюджет есебінен білім алуда. Бұрын олар оқу орнынан бірнеше шақырым жерде орналасқан ескі жатақхана ғимаратында тұрған. Оларға оқуға жаяу баруға тура келді», – деді Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.

Шахтинск қаласында да студенттер жатақханасын салу керек. Бұл мәселені шешу үшін ескі оқу орындарының бірінде күрделі жөндеу жүргізілуіп жатыр. Ғимарат жатақхана ретінде қайта жөнделеді. Ондағы жұмыс 65%-ға орындалды.

Қарағандыда тау-кен металлургия колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізу үшін жоба-смета құжаттамасы әзірленді.

Қарағанды облысында колледж жанындағы 30 жатақхана бар. Олар 4 410 орынға есептелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT