Қарқаралыда көпжылдық су мәселесі шешілмек

None
None
ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы тұрғындары әр үйдің сапалы сумен жабдықталуын ұзақ уақыт күтіп келеді. Бұл мәселені шешу үшін қалада Жарлы-Қарқаралы су құбыры салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б иыл негізгі жұмыстар жүргізіледі, ал келесі жылы нысан тапсырылуы тиіс.

Өткен жылы жер асты суы шоғырланған орында төрт ұңғыма бұрғыланды. Қарқаралы ауданының әкімі Елдар Дүйсетаев биыл жұмыстардың негізгі бөлігі атқарылатынын хабарлады. Сорғы станцияларын салу, резервуарларды толтыру және құбырлар салу жоспарлануда. Су таратқыштың ұзындығы 40 шақырымды құрайды, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Жеңіс Қасымбек ауданға іс сапары барысында жұмыстардың сапасын бақылауды тапсырды. Ол Қарқаралы табиғаты құрылысшылардың араласуынан зардап шекпеуі тиіс екенін атап өтті.

«Жоба өте маңызды. Тұрғындар оны күтіп отыр. Келесі жылы толық аяқтау керек», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ауданның басқа елді мекендерінің тұрғындары да сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Жеңіс Қасымбек Қарқаралыда халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Қарқаралы тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық саладағы проблемалар, мектептер мен ауылдық клубтарды жөндеу, жолдардың жағдайы, жайылымдардың жетіспеушілігі және т. б. туралы айтты.

Егіндібұлақ тұрғындары бұрыннан бері Шығыс Қазақстанға қарай жақсы жол жасауды өтінген болатын. Көптен күткен жоба биыл басталады. Егіндібұлақ – Ақтасты – Айрық тасжолына асфальт төселеді.

Сонымен қатар, Тегісшілдік – Көктас, Қарқаралы – Қарағайлы жолдарын, Мамраев – Қоянды, Қарабұлақ ауылдарының кіреберістерін жөндеу жоспарланған.

Қарқаралыда тұрғын үй мәселесі де шешілетін болады. Биыл кезекте тұрғандар үшін 36 пәтерлі екі көпқабатты үй салынады.

Әлеуметтік нысандарға келер болсақ, Қарқаралыдағы Мәди Бапиұлы атындағы мектеп күрделі жөндеуден және Теректі ауылындағы мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді. Қарқаралы кітапханасы мен алты ауылдық клуб жөнделеді. Ауылдарда жаңа спорт және ойын алаңдары пайда болады.

Аудан тұрғындары үшін медициналық көмек те жақсартылуда. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша гемодиализ орталығы ашылды.

Енді созылмалы бүйрек аурулары бар науқастарға апта сайын облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Ал биылғы жылы компьютерлік томография кабинеті бар клиникалық-диагностикалық зертхана ашу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар