Қарқаралыда қарақшылар Қазпоштаға шабуылдап, 14 млн теңгені алып кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында «Қазпошта» АҚ пошта қызметі бөлімшесіне белгісіз адамдар шабуыл жасап, 14 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарақшылар 6 желтоқсан күні күндізгі 14:00 шамасында шабуылдаған. Ол кезде залда кассир жалғыз болған. Қылмыскерлер кассирге күш қолданамыз деп қорқытып, 14 миллион теңгені алып кеткен. Кассир дабыл түймесін басқанымен, полиция келгенше қарақшылар ізін суытып үлгерген.

Қарақшылық әрекет бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео тергеу органдарына берілді.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігіне сәйкес («адамдар тобының аса ірі мөлшерде жасаған іс-әрекеттері») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қарақшылар іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар