Қарқаралыда қандай жолдар жөнделді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында биыл 50,8 шақырым жол мен екі көпір жөнделді, жол бойындағы суағарлар жаңартылды. Бұл мақсатқа 1 млрд 327,12 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы сомасы 490,9 млн теңгеге республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 478,5 млн теңге бөлінді. «Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» тас жолындағы Талды өзеніндегі және Байқожа өзені арқылы өтетін екі көпір қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді», - деп мәлім етті Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов.
Аудан әкімінің айтуынша, аудандық жолдарды жөндеуге 363,7 млн теңге жұмсалған. Бұл қаржыға «Қарқаралы-Қ.Аманжолов» жолына, Қарқаралыдағы Т.Әубәкіров көшесіне және Қарағайлы ауылының үш көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық маңызы бар жолдардағы 8 суағар қалпына келтірілген.
Айта кетерлігі, ауудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1 118 шақырым. Оның ішінде 165 шақырымы - республикалық, 311- облыстық және 632,4 шақырымы - аудандық маңызы бар жолдар.

Соңғы жаңалықтар