Қарқаралыда ерлі-зайыптылар адасып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында адасып кеткен ерлі-зайыптылар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, 2018 жылдың 24 тамызында сағат 16:55-те кезекші пультіне Қарқаралы ауданындағы «Шахтер» демалыс үйінің аумағында отбасы мүшелерінің жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Қарақаралы ауданының ТЖБ қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инспекторы құрамында іздестіру тобы шықты. Жоғалғандармен ұялы телефон арқылы байланыс болды. Сағат 18:00 шамасында адасқандар «Пашенное» өзенінің маңынан табылды. Отбасылық жұп медициналық көмектен бас тартты», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар орманға барарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Нақтырақ айтқанда, орманға барарда жақындарыңызға қайда баратыныңызды ескертіп, саңырауқұлақ жинауда немесе жидек тергенде нақты орныңыз бен аумағыңызды белгілеп, келген жолыңызды шамалай жүріңіз.

Соңғы жаңалықтар