Қарқаралыда бюджеттің 25 млн теңгесін қалтасына басқан есепші мен кассир сотталды

None
None
ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қарқаралы ветеринарлық станциясы» МҚК бас есепшісі А. Мананбаева және «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Қарқаралы басқармасының кассирі Н. Сыздықоваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Мананбаева мен Сыздықова 2015-2017 жылдар аралығында әртүрлі жолдармен бюджеттің 25 млн теңге қаражатын жымқырған.

11 қыркүйек күні Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық соты Мананбаеваны - 6 жыл, Сыздықованы - 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазаны орындау мерзімі 5 жылға шегерілді.
Бұдан бөлек, олар мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар