+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

2019 жылғы 9 қазан 17:35
Бөлісіңіз:
Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғыны жерлестеріне сыйлық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда ұлы Абай мен ақын Естайға ескерткіш орнатылады Кембридж университетінің «Fitzwilliam» мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі өткізіледі Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі

Ұлымен бірге Манарбек Кәрім Абайдың портретін тастың бетіне қашап бейнеледі. Аталмыш ескерткіш тас Қарқаралы тарихи ғимаратының жанында орнатылды.

Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы үйде Абайдың әкесі Құнанбай қонақ ретінде тұрған. Абайдың өзі балалық шағында мұнда көп рет қонақ болған. 19 ғасырдың екінші жартысында бұл үй татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі еді. Қазір мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан.

Абай гравюрасы бар ескерткіш тастың салмағы 2,5 тонна, биіктігі - 350 сантиметр.

«Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Трактормен оны үйге алып келіп, жұмыс істей бастадық. Ұлым көп көмектесті, ол өзі эскизді салды. Содан кейін біз Абайдың портретін тасқа түсірдік. Ескерткіш тасты дайындауға 4 күн уақытымыз кетті», - деді Манарбек Кәрім.

Ескерткіш тас орнатылған үй Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында егжей-тегжейлі сипатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT