+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қарқаралыда 72 отбасы пәтер кілтіне ие болды

2021 жылғы 26 қараша 12:23
Бөлісіңіз:
Қарқаралыда 72 отбасы пәтер кілтіне ие болды

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралыда Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 72 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелерін қала әкімі Берік Тоқмырзин қуанышты оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда қанша көппәтерлі тұрғын үй кешені МИБ-ке өтуге жатады Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқыны қалай Елордада тұрғын үй меншік иелері бірлестігінің орталығы ашылды

Шаршы метр иегерлерінің арасында жетім балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы және толық емес отбасылар бар. Оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған Тоқтар Әубәкіров көшесіндегі төрт жаңа үйдің кілті табысталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Мұстафина үш бөлмелі пәтер алды. Ол күйеуімен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

«Біз шамамен бес жыл кезекте тұрдық. Осы жылдар ішінде біз үш бөлмелі үйде күйеуімнің ата-анасымен бірге тұрамыз. Әрине, тар болды. Өз баспанамызды алу біз үшін өте қуанышты оқиға. Бізге пәтер ұнады, біз көшуге дайындалып жатырмыз» - деді Кәмшат.

Қарқаралыда тұрғын үй кезегінде барлығы 448 адам тұр. Оның 35-і «көп балалы отбасылар» санаты бойынша.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT