+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

2019 жылғы 17 тамыз 20:33
Бөлісіңіз:
Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ұлттық паркі аумағындағы Бақты орманында шыққан өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Орал қаласында тұрғын үй өртенді Оралда бос қалған өндірістік ғимарат өртенді Алматыда өртенген жиһаз цехы: Әйел адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «орман үстінен әуеден бақылау кезінде ашық жалын байқалмады, жекелеген тұстарда шамалы бықсыған түтін байқалады, осы тұстарға қайталап су шашуға Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жұмылдырылды (50 қызметкер мен 9 техника). Сонымен қатар осы жұмыстарға ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның тікұшағы тартылған.

Өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметтер мен техникалар өз мекендеріне қайтып жатыр, алайда өрт толықтай өшірілді деп жарияланбады. Өйткені кей жерлерде әлі түтін шығып жатыр. Орманда авиация мен ұлттық парк қызметкерлері кезекшілік жасауда.

Еске салайық, 12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен.

Кейін берілген мәліметте Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бақты орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 2 500 гектарға жеткені айтылды.

Ал 16 тамызды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев Қарқаралы ауданының Бақты ұлттық паркінде өрттің ауыздықталғанын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT