Қарқаралы тұрғындары Түркістан облысынан қоныс аударушыларға екі үй сыйлады

None
None
ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ауданының Борлыбұлақ бөлімшесінің тұрғындары Түркістан облысынан көшіп келген екі отбасына үй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғыз ауылдық округінің Борлыбұлақ бөлімшесінде 47 отбасы тұрады. Елді мекен тұрғындарының саны 225 адамды құрайды. Бөлімшеде жалпы орта білім беретін мектеп бар. Бірақ жас отбасылар көбінесе өз ауылдарын тастап, қалаға көшеді. Мектеп жасындағы балалардың жетіспеушілігі жергілікті мектептің орта мектептен бастауыш мектепке ауысуына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар Түркістан облысындағы отбасыларды өз ауылдарына шақырды. Жақында қоныс аударушыларға тұрғын үй бөлінді.

«Үйлер Борлыбұлақ ауылының тұрғындарымен қамтамасыз етілді. Олар осыған дейін бос болды. Онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қоныстанушылар қоныстанды. Бір отбасы бес бала, екіншісі үш бала тәрбиелеп отыр. Отағалары жұмыс істейді (механик және дәнекерлеуші). Болашақта олар жылыжай салып, көкөніс өсіруді көздеп отыр. Ал жергілікті тұрғындар оларға мал өсіруге көмектескісі келеді. Бұл үшін олар ұсақ малды тегін беруге ниетті», – деді Қырғыз ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қапашев.

Түркістан облысынан Борлыбұлаққа көшіп келген Мұзафар Махамадалиев бес бала тәрбиелеп отыр. Ең үлкені 18 жаста. Төртеуі әлі мектепте оқиды.

«Көшкенге дейін біз Түлкібас ауданында тұрдық. Бізде үйіміз және жұмысымыз болды. Бірақ онда халық көп, тиісінше, мал да көп. Ал жайылымдық жерлер жетіспейді.Бізге Қарағанды облысына көшуді ұсынғанда, ойланып қалдық. Біз осында келдік, адамдармен таныстық. Барлығы ұнады, содан көшуге бел будық. Мұнда халықтың тығыздығы Түркістан облысындағыдай емес. Жер де жеткілікті. Және жұмыс бойынша әлеует жоғары», – дейді Мұзафар Махамадалиев.



Соңғы жаңалықтар