Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарқаралы ауданының жаңа әкімі болып Эльдар Дүйсетаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Эльдар Дүйсетаев - 1981 жылы дүниеге келген, Қарқаралы ауданының тумасы. Үш жоғары білімі бар. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы - Қарағанды экономикалық университетін, 2019 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша - Оңтүстік Калифорния университетін бітірген. Біліктілігі бойынша тарих оқытушысы, менеджмент бакалавры, халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді, онда жетекші маманнан бөлім меңгерушісіне дейін қызмет еткен.

2010 жылдан 2014 жылға дейін орталық мемлекеттік органдарда және оның аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімі Халел Мақсұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Фото: karaganda-region.gov.kz

Соңғы жаңалықтар