Кәріз құдығына нәжіс төккен алматылыққа айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда нәжісті кәріз құдығына төккен ассенизатор жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданына қарасты «Ақбұлақ» ықшамауданының тұрғындары абаттандыру ережесінің бұзылғанына байланысты полицияға арыз түсірді.

«Тиісті тексеру жүргізілді. Нәтижесінде ассенизатор жүргізушісі – 1973 жылы туған Сембеков анықталды. Бұл әрекеті үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп жазды Facebook парақшасында Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Бұған дейін өзен арнасына кәріз суын ағызған Алматы тұрғыны жазаланған болатын.

Құқық бұзушы Жарбұлақ (Казачка) өзеніне сарқын суды заңсыз ағызуды анықтау үшін өткізілген рейд кезінде ұсталды.


Соңғы жаңалықтар