Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Қариялар бата беруден жарысты

2017 жылғы 24 қараша 01:25 2734
Бөлісіңіз:
Қариялар бата беруден жарысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан  облысында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты сайыс өтті. Арыс ауданында ұйымдастырылған сайыста қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қариялар бата беруден жарысты

Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.  Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету. Байқау талаптары бойынша жарысқа 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Олар мақал-мәтел мен  өнегелі-өсиет сөздер айтудан сайысты.  Бата беру мен өнер байқауынан бақтарын сынап көрді.  Ауыл ақсақалдары, сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін баталардың мәнін түсіндіріп отырды.


Қариялар бата беруден жарысты

Сайыс қортындысымен қазылар алқасы  бірінші орынға  Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебекті лайық деп тапты. Ал екінші орын  аудандық ардагерлер ұйымының атынан қатысқан Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеевтерге бұйырды.  Үшінші орынды Дермене ауылының қариясы Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласының ақсақалы Тыныштық Карбозовтар иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен  бағалы сыйлықтар берілді.


Қариялар бата беруден жарысты

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат