Кәріс ғалымдары Ақмола облысындағы көне ескерткіштерді зерттемек

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына Кореяның «Өркениет алмасу» университетінің профессорлары келді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұражай директорының айтуынша, шетелдік ғалымдарды ерте темір дәуірі кезеңіндегі Еуразия аумағындағы тайпалардың қоныстануы қызықтырып отыр.

"Қонақтар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұржайындағы тарихи жәдігерлермен танысты. Бұдан кейін облыс аумағындағы ғұн-сармат дәуіріндегі тарихи ескерткіштер орналасқан жерлерді барып көрді. Осы ретте, корейлік ғалымдармен бірлесіп, ерте темір дәуірі кезеңіндегі ескерткіштерді зерттеу туралы меморандум жасайтын боламыз", - деді Қуаныш Шақшақов.

Айта кетейік, келер жылдан бастап ҚР Ұлттық мұражайы жанындағы «Халық қазынасы ғылыми зерттеу институты» мамандарымен бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оған Ақмола облысының Бұланды, Зеренді және Біржан сал ауданындағы ерте темір дәуірі кезеңіндегі ескерткіштер қамтылатыны жоспарланған. Бұл жерлердегі қорымдардың биіктігі 2-3 25-30 метрді құраса, бір ескерткішті зерттеуге екі-үші жыл уақыт кетеді екен.

Фото: liter.kz

Соңғы жаңалықтар