Қарин Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы туралы: Өлім жазасын жоюды Президент тапсырған болатын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында депутаттар «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің Telegram әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Атап өтейік, бұған дейін 16 қараша күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қазақстандағы өлім жазасы ешқандай ескертусіз жойылуы қажет екенін атап өтіп, сол арқылы құқық қорғаушылардың ұстанымына қолдау білдірген.

Мәжіліс осыны есепке ала отырып, қылмыстық заңнамадан өлім жазасын алып тастауды қарастыратын түзетулер дайындады»,-деп жазды Ерлан Қарин.

Бұдан басқа, депутаттар Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында «Қазақстан Республикасындағы биологиялық қауіпсіздік туралы» заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Аталған заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында даярлады.


Соңғы жаңалықтар