Каримовтың қызы Голливуд жұлдыздары мен қазақстандық каскадерлар қатысқан ғалым Ұлықбек туралы фильм түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс ғалымы Ұлықбек туралы деректі фильм түсірілді. Бұл туралы бұрынғы Өзбекстан президентінің кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Парақшамда «Ұлықбек. Жұлдыз әлеміне қиын сапар» деректі фильмнің жарыққа шығатынын хабарлаймын. Бұл жұбайым Тимур екеуіміздің кинопродюсер ретіндегі бірлескен алғашқы еңбегіміз», - деп жазады Лола.

Деректі фильм ортағасырлық ғалым және танымал ойшыл Ұлықбектің өмірі мен еңбектеріне арналған.
 

«Фильм түсіру туралы бұрыннан ойым бар еді. Ұлықбек энциклопедиялық білімі бар, танымал ғалым және бейбітшілікті қалаған басқарушы болғаны мәлім. Ұлықбектің аты адамзат тарихындағы белгілі - Галилео Галилей, Коперник, Джоанас Кеплер секілді дүниежүзілік ғалымға өлшеусіз үлес қосқан ғалымдармен бірге аталады. Ұлықбек билеуші болған тұста Самарқанд астрономия саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулер жасаған халықаралық орталыққа айналды. Ұлықбек салдырған расытхана (обсерватория) сол замандағы танымал ғалымдардың басын қосты», - дейді фильмді түсіруші.

Ол 1 118 жұлдыздың сипаттамасы бар аспан картасын жасады, жылдың ұзақтығын 25 секунд айырмамен есептеп шығарды.

«Біз фильм сценарийімен ұзақ әрі тыңғылықты жұмыс жасадық. Онда атақты ғалымның өмірін толық көрсетеміз.

Картинаның режиссері Баходыр Юлдашевпен жас кезімізден бері таныспыз. Онымен кездескен кезде мен жоба туралы айттым, ол қуана келісімін берді.

Фильмді түсіруге Оксфорд университетінің  Бодлианская кітапханасы, Британия музейі, Пристон университеті, Гриффита обсерваториясы, Көк жағалау обсерваториясы (Франция), Калифорния университетінің кітапханалары, The David Collection Копенгаген музейі, Оксфордтағы қасиеті Джон колледжіндегі Оксфорд тарих ғылымдарының музейіндегі деректер пайдаланылды.

Түсірілімге өзбекстандық және қазақстандық каскадерлар жұмылдырылды, сондай-ақ сол заманға сай киімдерді таңдап алуға барынша мән берілді.
 

Фильмге дүниежүзілік кинематографияның жұлдыздары - Винсент Кассель, Арманд Ассанте, Франциско Оваллелер қатысты. Сондай-ақ өзбекстандық кино шебері Мағруфа Отажонова, Жавахир Закиров мен Хашим Арслановтардың еңбегін айта кету керек.
 

Фильм сазын танымал Голливуд композиторы Уолтер Афанасьев жазды. Ол «Титаник», «Аладдин», «Нотр-дамдық бүкір», «Геркулес» және тағы да басқа киноларға музыка жазған.

Фильмнің тұсаукесері туралы біз кейінірек хабарлайтын боламыз», - дейді Лола Каримова-Тилляева. 
 

Соңғы жаңалықтар