Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Дағдарысқа қарсы штаб құру туралы бастама көтермек

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Дағдарысқа қарсы штаб құру туралы бастама көтермек.

Бұл туралы пікірді Премьер-Министр бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында мәлім етті.

«Бүгінгі күні біз әлемдік экономикада орын алып жатқан күрделі үдерістерге куә болып отырмыз. Мәселен, жағдайларға байланысты кеше «Үлкен 20 ел тобы» өз отырысын бастады, Грекиядағы жағдай да мәз емес. Әрине, аталған мәселелер белгілі бір деңгейде әрбір мемлекетке әсер ететіні сөзсіз»,-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Премьер-Министр алдағы аптада Санкт-Петерборда ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтетінін де жеткізді. «ШЫҰ-дан «Үлкен 20 ел тобына» екі мемлекет - Ресей мен Қытай кіреді. Осы екі ел де әлемдік экономикалық өзгеріске айтарлықтай әсер ете алады. Сондықтан да алдағы отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономика министрлері деңгейінде дағдарысқа қарсы штаб құру туралы бастама жасамақпын. Біз сыртқы әсерлермен қоса ішкі жақтарымызда не болып жатқанын да түсінуге тиіспіз. Сонда ғана елдің ішкі жағдайына тиімді әсер ете аламыз»,-деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар