Кәрім Мәсімов «ҚазСат-2» спутнигін құрастыру бойынша жұмыстарды аяғына дейін жеткізуді тапсырды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов агенттікке «ҚазСат-2» спутнигін құрастыру бойынша жұмыстарды аяғына дейін жеткізуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазСат-2» мәселесіне тоқталған Үкімет басшысы, "осы бағытта біздің стратегиялық әріптесіміз Ресей Федерациясы болып табылады, ынтымақтастық бойынша біз стратегиялық әріптеспен әрі қарай жылжуымыз керек. Сондықтан «ҚазСат-2»-ні аяғына дейін жеткізу шарт», деді.

Айта кетейік, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «ҚазСат-2» ғарыш аппаратын ұшыру 2010 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар