+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады

2011 жылғы 15 шілде 14:11
Бөлісіңіз:
Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады. Бұл жайында Премьер-Министр бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында айтты.

«Қазақстан» телеарнасында «Қазақтың 100 әні» атты өте қызықты бағдарлама циклі өтті. Қоғамда бұл жоба үлкен қызығушылық тудырды. Меніңше, бұл өте маңызды жоба», - деді К. Мәсімов.

«Мен бағдарламадағы барлық 100 әнді тыңдап шықтым»,-деп түйіндеді Премьер-Министр.

Айта кетейік, «Қазақтың 100 әні» жобасының студиясы 110 дауыс беру терминалдарымен жабдықталған. Ол терминалдар арнайы бағдарламаның негізінде жүзеге асатын компьютерлерге қосылған. Соның арқасында жобаға қатысушы әрбір ойыншының жауабы дәл сол сәтте тіркеліп, қорытылады.

Бұл жобаға үздік отандық мамандармен қатар, «Евровидение» ән байқауы сынды басқа да ірі тележобаларды жасап жүрген шетелдік мамандар шақырылды. «Қазақтың 100 әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасында 26 ақпаннан басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT