Кәрім Мәсімов еліміздің қазынасын шикізаттық кірістермен тиісті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
қпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еліміздің қазынасын шикізаттық кірістермен тиісті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұндай тапсырманы бүгін Премьер-Министр Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе шикізаттық компанияларға салық салумен байланысты. Оның ішінде өнімді бөлу келісімі бойынша жүрген компаниялардың салық салымы тұрғысындағы мәселе бойынша»,-деп атап өтті К. Мәсімов.

Премьер-Министр осы мәселе бойынша Елбасы нақты тапсырма бергенін айта келе, «сондықтан құзырлы органдармен, Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бұл жұмысты тыңғылықты жүргізу керек. Яғни, бұл шаралар шикізаттық кірістер арқылы біздің қазына тиісті деңгейде толығуы үшін негізделеді. Бұл табиғи рента, ал табиғи рента халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс», деді.

«Осы бағытта тиісті жұмысты жүргізіп, менің атыма бұл мәселе бойынша ұсынысты енгізу қажет», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар