Кәрім Мәсімов дауыс берді

None
None


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов елордадағы №111 учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№111 сайлау учаскесі Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізіліп жатыр. Елорда уақытымен сағат 08.00-де жағдай бойынша еліміздегі 9 994 сайлау учаскесінде және шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Шет елдердегі 49 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат белдеуін ескере отырып жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар