Кәрім Көкірекбаев Қырғызстандағы Елші қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысында туған.

Алматы теміржол  көлігі  институтын жол  қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы.

Әр жылдары Жамбыл облысы  Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар  және  қоршаған ортаны қорғау вице-министрі,   «ЭйрҚазақТур» ЖШС-ның бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының  вице-президенті, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президенті,  бас инженер болып  қызмет еткен.  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары лауазымында болды. 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.

 Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар