Кәрім Көкірекбаев Қырғызстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат –Қырғызстан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқтаған Кәрім Көкірекбаевты Қырғызстанның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков К.Көкірекбаевтың Қырғызстандағы жемісті жұмысын, екі ел арасындағы туысқандық және тату көршілік қарым-қатынасты, стратегиялық серіктестікті, одақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртіптің актуалды мәселелерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің 12 шілдедегі Қырғыз Республикасына ресми сапары мен қырғыз-қазақ Үкіметаралық Кеңесінің 8-ші отырысы нәтижесінде қол жеткізген уағдаластықты жүзеге асыру төңірегінде сөз қозғады.

Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Дастан Жұмабеков Кәрім Көкірекбаевпен кездесу барысында оған Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, дипломатиялық және парламентаралық қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады.

Одан бөлек, К.Көкірекбаевты Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылғазиев қабылдады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып Қайрат Нұрпейісов тағайындалды.

Еске сала кетсек, 26 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қырғызстандағы елші қызметіне тағайындалды.


Авторы Наталья Гильт



Соңғы жаңалықтар