Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды

None
Фото: Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Алтын доп» иегері, франциялық шабуылшы Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан мәлім еткеніндей, бұл туралы аталмыш клуб өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлаған.

«Бензема бізбе бірге. Жаңа жолбарыс ырылдап тұр. Қош келдің «Иттихадқа», деп жазды «жолбарыстар» атанып кеткен клуб.

Келісімшарт 2026 жылға дейін жасалған.

«Әл-Иттихад» – Сауд Арабиясының чемпионы. «Әл-Иттихад» биыл атақты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» командасын да артта қалдырды.

Осыған дейін Карим Бензема Мадридтің «Реал» клубы сапында 14 маусымда 647 матч өткізіп, 353 гол соқты. Биылғы маусымда ол 23 ойында 18 голдың авторы атанып, 3 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Ақжайықтың» ірі есеппен жеңіске жеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар