Карим Бензема Испания суперкубогінде Мессидің рекордын қайталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бензема Лионель Мессидің рекордын қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Бензема Испания суперкубогінде қатарынан бес матчта гол соқты.

Аталмыш турнирдің жартылай финалында «Валенсиямен» өткен ойында К.Бензема 39-минутта 11 метрлік айып добын дәл орындады.

Матч 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жеткен «Реал» финалға шықты.

Осылайша, франциялық шабуылшы Испания суперкубогінде қатарынан бес бәсекеде алаңнан құр кеткен жоқ. Сөйтіп аргентиналық Лионель Мессидің рекордын қайталады, ол суперкубокте бес матчта сегіз гол соққан еді.

Суперкубок финалында мадридтік клуб «Барселона» – «Бетистің» қай жеңгенімен бас жүлде үшін таласады.

Осы маусымда Бензема барлық турнирде 17 ойынға қатысып, 10 голдың авторы атанып, бір нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зиданға сөз айтқан Франция футбол федерациясының президенті қызметінен шеттетілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Месси бастаған үздік 11 ойыншы әлем құрамасына енді.

Фото:championat.com


Соңғы жаңалықтар