Қарды тазалауға 2 мыңнан астам жұмысшы шықты - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2 мыңнан астам коммуналдық қызмет жұмысшылары түнде жауған қардан кейін қар тазалауға көшеге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат табиғи ресурстар басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда қар 12 қаңтарға қараған түні жауды. Қар жамылғысыны биіктігі 10 см, таулы аудандарда - 20 см.

«Көктайғақ туралы ескерту мақсатында кеше кешкісін 155 құм шашатын көлік кезекшілікке шықты. Қар жауған кезеңде 2450 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Коммуналдық қызметтер тасжолдар мен тротуарларды тазалап жатыр. Ол үшін 556 арнайы техника, 845 адам тартылды.

null

Соңғы жаңалықтар