+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты JCI сертификатын алды

2021 жылғы 17 қыркүйек 05:34
Бөлісіңіз:
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты JCI сертификатын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметі Медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық біріккен комиссиясы тарапынан сәтті бағаланып, JCI аккредитациясын - сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар ПИK-тен МИБ-ке ауысудың қиындығына шағымданды Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаны сақтау талаптары қандай Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды

Америка Құрама Штаттарында орналасқан JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық біріккен комиссиясы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметін 23 және 27 тамыз аралығында бағалады. Аккредитация медициналық ұйымның бастамасымен жүзеге асты.

«Біздің клиника JCI аккредитациясынан сәтті өткенін мақтанышпен айтқымыз келеді. JCI аккредитациясы - бұл жоғары сапалы медициналық көмек стандарты. JCI аккредитациясына дайындық барысында клиниканың ойлау жүйесі өзгереді. Қызметкерлер онда болып жатқанның барлығына пациенттің көзімен қарай бастайды, олар емнің барлық кезеңдерін талдайды, ықтимал қауіптерді алдын ала анықтап, олармен күреседі», - дейді ҒЗИ Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова.

JCI аккредитациясы - бұл медицина саласындағы халықаралық деңгейдегі «алтын стандарт» - медициналық ұйымдағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің ең беделді және объективті танылуы. Ол ұйымның халықаралық деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ халықаралық мақсаттар мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растайды.

JCI халықаралық сараптамалық комиссиясының жүргізген аудит клиниканың дәрігерлері мен мейіргерлерінің кәсіби біліктілігі жоғары екенін растады. Ұйымдағы барлық бөлімдер мен процестер дәрігердің емдеуі мен мейіргер күтімінен бастап ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмектерді қолдану, пациенттің құқықтарын сақтау, кадрлармен қамтамасыз етілуіне дейін JCI стандарттары бойынша бағаланады.

Клиниканың жұмысы 200-ден астамы негізгі стандарт, 400-ге жуық жалпы стандарт және 1100 -ден астам қосымша көрсеткіштер бойынша бағаланады.

«JCI-ге дайындық кезінде пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттарына мониторинг жасалды. Жүйелі жұмыстың арқасында клиникалық көрсеткіштер жақсарды, пациенттердің қанағаттануы артты, өлім-жітім 2 еседен астамға төмендеді, қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмектермен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінді (оларды жеке сақтау, таңбалау, тізімдер), дәрі-дәрмектерді қолдану және мейіргерлік процестің тиімділігі айтарлықтай өсті. Аккредитация мейіргердің рөлін едәуір арттырады, көптеген дағдыларға үйретіп көп функциялар береді. Институт қызметінің соңғы 3 жылдағы көрсеткіштері тұрғындар арасында медициналық көмектің барлық спектрі жоғары сұранысқа ие екендігін көрсетті», - деп атап өтті Роза Қуанышбекова.

Оның айтуынша, бұл консультациялық-диагностикалық көмек, күндізгі стационар - консервативті кардиология мен терапия - кардиохирургия мен реабилитациядан бастап, халыққа медициналық көмектің толық циклінің болуына байланысты мүмкін болды.

Қазақстанда JCI халықаралық стандарттарын енгізу медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті дамытуға және сол арқылы медициналық қызметтің ашықтығы мен сапасын жақсартуға ықпал ететіндігін атап өткен жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT