Қаражон жайлауындағы сахара салтанаты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Назарларыңызға осы аптада шетелдегі қазақ тілді баспасөз құралдарында жарық көрген тартымды тақырыптарды ұсынамыз.    

Социалистік дәуірдегі қазақ әдебиеті - ТРТ агенттігі
null 

ТРТ агенттігінің «тарих» айдынында, профессор, тарих ғылымының докторы Әбдіуақап Қараның  «Социалистік дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты мақаласы жарық көрді. Аты айтып тұрғанындай автор мақалада 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін жаңа бүршік атып гүлденіп келе жатқан Алаш қайраткерлерінің ұлттық мазмұндағы әдебиетінің тоқырауын, оның орнына Қазақ елінде социалистік бағытта әдебиеттің пайда болуына кеңінен тоқталған.

Автордың жазуынша, қазақ әдебиеті 1905 жылғы орыс төңкерісінен кейін патшалық Ресейде баспасөздегі қатаң тыйым-шектердің жойылуымен өркендеу жолына түскен еді. Қазақтарда ағартушылық қозғалыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсаринмен бастау алып, Абай Құнанбайұлымен жалғасты. 

«Шығыстың классик ойшылдары мен либерал орыс зиялыларының еңбектерінен нәр алып, далада көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамын дамуға, ойлауға және еңбек етуге шақырған Абайдың өлеңдері Бөкейхановтың бастамасымен 1909 жылы Петербургта жарық көрді. Сол жылғы тағы бір маңызды басылым  Ахмет Байтұрсынның "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген Иван Крыловтан жасаған аудармалары еді. Сол жылы қазақтар арасында маңызды тағы бір шығарма  жарық көрді. Ол Міржақып Дулаттың «Оян қазақ» атты кітабы болатын. Қазақ зиялыларының кітаптары жарық көре бастаған кезең «Айқап» және «Қазақ» қазақша газет-журналдардың да басылып, оқырмандарымен қауыша бастаған кезеңі болды. Ақпан төңкерісімен Ресейдің патшалық жүйесі құлағаннан кейін 1917 жылы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі құрылды.  Қазақ ақындары ұлттық саяси болмысты қуана қарсы алды», - деп жазады автор.

 Мақала онан әрі қарай Қазан төңкерісінен кейін, ұлттық бағытта қалам тербеген ақын - жазушылар көп өтпей қысым қудалауға ұшырағандығын, Алаш қаламгерлері екі жылдай Кеңес өкіметімен қатарласа өмір сүргенмен, біртіндеп әдеби саладан аластатыла бастағандығын айта келіп, көпшілігі шығармашылық дағдарысқа түскендігіне тоқталады. Автордың пайымынша, қазақтың көркем прозасы, негізінен, Кеңес дәуірінде дамып, қалыптасты. Революциядан бұрын «роман» деген атпен басылған шығармалар атап айтқанда «Қалыңмал», «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал» таза прозалық үлгіде емес, өлеңмен аралас келетін көркем дүниелер еді.

«Жаңа дәуірге бейімделген жаңа қаламгерлер тобы қалыптасып, кедейдің теңдік алуы, әйелдердің құқын қорғау тақырыбына еңбектер жазыла бастады. Қазақ әдебиеті М. О. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Ө. Тұрманжанов сынды есімдермен толыға түсті. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ретінде Ж. Жабаев, Н. Байғанин, О. Шипин, К. Әзірбаев, И. Байзақов және басқалары көзге түсті», - деп жазады мақала авторы Әбдіуақап Қара.  

***

Моңғолия көлік логистикасын дамытуда Қазақстанға назар аударуы тиіс - kaznews.mn
null

«Моңғолия көлік логистикасын дамытуда Қазақстанға назар аударуы тиіс», осындай тақырыппен моңғолиялық kaznews.mn сайтында Ph.D докторы, Моңғолия Ғылым академиясының Халықаралық қатынастар институтының аға маманы, Орталық Азия елдері бойынша зерттеу орталығының үйлестірушісі К.Дэмбэрэлдің пікірң жарық көрді.  Онда, 2017 жылғы қаңтардағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» даму тұжырымдамасы туралы айтылады. Қазақстанның әлемдегі көшбасшы 30 елдің қатарына енуінің нақты қадамдары көрсетілген жолдауға назар аударған сарапшы  Моңғолияның Қазақстаннан алары көп екендігін де алға тартады.

 «Құжаттағы негізгі ерекшеліктердің бірі - «Еуразия логистика инфрақұрылымы». Бұл Моңғолия үшін назар аударатын басты мәселелердің бірі. Өкінішке қарай, Моңғолия арқылы әуе, авто, теміржол транзитін дамыту логистикасы туралы айтқалы көп уақыт өтсе де, біз оны жүзеге асыра алмай келеміз. Сондай-ақ, энергетика, транспорт, логистика, тұрғын үй қызметіндегі баға тарифін белгілі мөлшерде төмендету бағытындағы кешенді шараларға дұрыс назар аударылған. Мемлекет-жекешелік секторының серіктестігін кеңейту, ЖІӨ-дегі мемлекет үлесін 15 пайызға дейін төмендету және білім жүйесін жетілдіру, соның ішінде жаппай тегін техникалық білім беру мәселелері Моңғолия мен Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріне өзекті болып отыр. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің басқару тетігін жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру жолының көзі ретінде жаңаша реформалар жүргізуін көрегендік деп білемін»,- деп жазады  К.Дэмбэрэл.

Сондай-ақ ол,  Қазақстанда жүзеге асырылған Конституцияға өзгерістер енгізу қадамдары арқылы Мемлекет басшылығы заман талабына сай әрекеттер жасағандығын айтады. Бұл міндетті түрде Қазақстанның дамуында үлкен рөл атқаратындығы атап көрсетілген.

***

Назарбаев Университеті  - Қазақстандағы ең ықпалды жоғары оқу орны -  «Жэньминь жибао» (People Daily)
null

Қытайдың «Жэньминь жибао» сайты  Назарбаев Университетін таныстырған фоторефортаж жариялады. Онда, Университеттің Қазақстан экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес міндеттерді орындауға қабілетті, мықты және заманауи инфрақұрылымы мен ғылыми және инженерлік адами ресурстары бар университет болуды мақсат тұтатындығы айтылған.
null

«Қазақстанның Астанасына орналасқан Назарбаев университеті Қазақстан Президенті Назарбаевтің ұсынысымен құрылған, Қазақстандағы ең ықпалды жоғары оқу орындарының бірі. Халықаралық өредегі жаңа заман дарындыларын тәрбиелеуді басты мақсат еткен», - деп жазады дереккөз.
null

***

Епті еңбек - еңсені көтереді - Шыңжаң газеті  
null 

Қытайдың Шынжаң газетінде жарық көрген  «Епті еңбек - еңсені көтереді» атты мақалада газет тілшісі Әсенжан Қабдырашұлы   дәстүрлі мал шаруашылығын өзінің тіршілік тірегі еткен малшылар қауымының бүгінгі мәселелеріне үңіліпті. Автор соңғы жылдарда Шынжаңға өзге елдерден енгізілген арзан бағалы еттердің мал бағасын төмендеткені, көптеген тері илеу зауыттары жабылғандықтан,  қой терісінің де құнсызданғандығын айта келіп, базар бәсекесіне қаблетті болуда көңіл бөлуге тиісті төмендегі бес түрлі мәселені тарқатып айтыпты.

Бірінші, малшылар кәсіп саласын дамытуға берік болуы, ұзақ мерзімдік ауқаттану жоспарын жасап, табанды түрде істеуі керек.  Екіншіден, мал тұқымын асылдандырып, еті өтімді мал нәсілдерін бағып, табыс жолын арттыру. Үшіншіден,  үгіт-жарнама жолын күшейтін сату арнасын кеңейту керек.  Төртіншіден, селбестік жасау жүйесін кемелдендіріп, сату арнасын бір тұлғаландыру керек. Бесінші, орынсыз шығынды азайтып, қаржы үнемдеу.

 «Мал баққа емес, бапқа бітеді. «малды бақсаң баптап бақ, ебін тап», «қалауын тапсаң қар жанады» дүрмекке ілесіп бәсекелесіп той жасап, ат шаптырып, орынсыз шығындалып, барынан айрылып соңында баніктің есігін тоздырып қарыз сұраудың қажеті жоқ. Онанда қажырлылық  білімді арттырып, қолда барды орынды жұмсап, малды ғылми бағу мен қосымша кәсіппен шұғылдануды ұштастыра біліп, дәуірдің талабынан шыққанда ауқаттану жолымыз кеңейе түседі»,  - деп түйіндейді автор.

***

Димаш Құдайберген: Төраға Си Цзиньпинге арнап ән айтып бергім келеді -CCTV
null

Қытайдың  CCTV орталық телеарнасына Димаш Құдайбергеннің сұхбатын жариялады, онда әніші  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге арнап ән айтып бергісі келетін айтқан.  

 «Әлемнің үштен бір халқы Қытайда тұрады. Ел жанкүйерлерінің маған деген сезімін шашып тұрғаны, бұл бүкіл қазақ халқына деген, қазақ бауырларымызға деген құрметі деп білеміз. Осындай үлкен держава мемлекетте ән салып, өнер көрсету мен үшін зор бақыт. Төраға Си Цзиньпиннің елімізге сапары барсында, өзімнің репертуарымдағы ең жақсы деп санайтын әнімді орындап бергім келеді. Және де орайы келіп жатса осы менің бағымды ашқан «әнші» жобасына қатыстырып, осындай мүмкіндік туғызып отырған Қазақ елімен Қытай елінің достық қарым-қатынастың сақталып келе жатқаны үшін рақметімді әнмен жеткізген болар едім. Екі елдің достығын ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған мәдени мұрасын, бір-бірімізге көрсету арқылы екі ел арасындағы достықты нығайта түсеміз деп ойлаймын», - дейді Димаш Құдайберген аталмыш телеарнаға берген сұхбатында.

***

Қаражон жайлауындағы сахара салтанаты - «Тяньшань» сайты
null

Қытайдағы ақпарат көздердерінде жарық көрген келесі материал, Шынжаңдағы қазақтар мекен ететін Қаражон жайлауында өткен «халықаралық фото-фестивальге арналыпты. Сонымен бірге көркі көз сүрінетін Қаражон жайлауында түсірілген суреттер жарияланған.
nullnullnull

«Елдің іші-сыртынан келген фотографтар мен фото әуесқойлар көркі көз тартатын, кең де тынысты Қаражон сахарасында салтанаты ерек, тамашасы бөлек ұлттық бояуы қанық қыз ұзату салт дәстүрі, қазақ үй мәдениеті, қызқуу, ат байгесі секілді салт-дәстүрлеріміздің куәсі болды. Әдемі фото туындыларын түсірумен бірге, Қаражон сахарасының тамаша табиғатынан ләззәт алып,  тап-таза табиғат, көзіңе оттай басылатын құлпыра ашылған гүлдер,  сыңсыған қарағайлар,  көк аспан,  төрт түлік мал және арайлы таң,  алқызыл кештің нұр шұғыласымен әспеттеп көркем туындылар түсірді», - деп жазады kazak.ts.cn  сайты.   
nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар