+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қаражатты игермеген бюджеттік бағдарлама жетекшілерін жауапқа тарту керек - министр

2019 жылғы 12 қараша 11:10
Бөлісіңіз:
Қаражатты игермеген бюджеттік бағдарлама жетекшілерін жауапқа тарту керек - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаражатты игере алмаған бюджеттік бағдарлама жетекшілерін жауапқа тарту керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі - Сенат Төрағасы Президент бірқатар Заңға қол қойды Арнайы мониторинг нәтижесінде Түркістан бюджетінен 454 млн теңге үнемделді

«Өкінішке қарай, бюджеттің үш нақтылануына, екі рет түзетілуіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті жерлерде 10 айдың қортындысы бойынша қомақты сомаға бюджет қаражатының игерілмеуі орын алып отыр. Сондықтан өз қызметінде жіберген кемшіліктері арқылы бюджет қаражатының игерілмеуіне себеп болғаны үшін жоғарыда айтылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұраймын», - деді ол ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге қарата.

Осы орайда бірінші вице-премьер орталық және жергілікті органдардың назарын жақында ғана Парламенттің бюджеттік заңнамаға тиісті түзетулер енгізгеніне аударды.

«Ол түзетулер бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалануда жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Осы бұзушылықтарға енді әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте, әкімшілік жауапкершілікке бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері ғана емес, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да тартылады. Бұл түзету 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді», - деді Ә.Смайылов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT