Қаражалда кезекте тұрған 200-ден астам тұрғынға баспана беріледі

None
None
ҚАРАЖАЛ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында қараусыз қалған үйлер қалпына келтіріліп жатыр. Бос тұрған көп қабатты үйлерді жаңғырту нәтижесінде биыл 215 отбасы пәтер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаражал әкімдігінен хабарлағандай, былтыр облыстық бюджет есебінен бір тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, қалалық бюджет қаржысына бос тұрған жеті коммуналдық пәтер жөнделді. Бұл 32 отбасын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«2020 жылы 25 орамдағы №22 үйді қалпына келтіру басталды. Оларды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мұнда №4 үй қалпына келтіріліп жатыр. Жәйремдегі Металлургтер көшесінде тамыз айында 37-ші үй пайдалануға берілуі тиіс. Осы үш үйді жаңғырту нәтижесінде 215 отбасы үймен қамтамасыз етіледі, бұл кезекті 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қаражал-Жәйрем аймағы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 425 адам тұр», – деп хабарлады Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сауытбаев.

Барлық коммуникациялар республикалық және қалалық бюджет есебінен жөнделеді. Үйлер орталық жылуға қосылады.

«Маңызды мәселенің бірі - қалпына келтіруге жатпайтын бос тұрған үйлерді бұзу. Өткен жылы сегіз үйд демонтаждалды. Қаражалда және Жәйрем кентінде бос тұрған тоғыз үйді бұзуға смета құжаттамасын әзірлеу жөнінде жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Сауытбаев.


Соңғы жаңалықтар